Спорт күні қарсаңында сала өкілдері марапатталды

Спорт

18:29 19 Тамыз 2022

 

21-ші тамыз – Спорт күні. Жыл сайын жаздың соңғы айының үшінші жексенбісінде тойланатын бұл мереке қарсанында Петропавлда сала тізгінін ұстаған бірқатар маман марапатталды. Жиын шымылдығын облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек ашып, жиналған қауымды мейраммен құттықтады.

ДӘУРЕН ЖАНДАРБЕК, СҚО әкімінің орынбасары
– Барлықтарыңызды Спорт күнімен құттықтаймын! Бүгінде солтүстікқазақстандықтардың 35% жүйелі түрде спортпен шұғылданады.

Алғашқылардың бірі болып құрмет-қошеметке ақжарлық Файзурахман Байқадамов бөленді. Азаматтың кеудесіне бейінді министрліктен жолданған “Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісі тағылды. 40 жылдық тәжірибесі бар жерлесіміз волейболдан талай шәкірт тәрбилепті.

ФАЙЗУРАХМАН БАЙҚАДАМОВ, Ақжар ауданының БЖСМ басшысының орынбасары
–  Біздің спорт мектебіміз жоғары жетістіктерге жетіп жүр. Бірнеше рет “Облыстың үздік спорт мектебі” деген атқа да ие болған. Мектебімізде 10 спорттың түрі бар. Биылғы жылдары еркін күрес, волейбол, хоккей, жеңіл және ауыр атлетика сынды спорт түрлерінен спорт шеберлері шықты.
Бізде жаңа ФОК салынды. Биылғы жылы қолданысқа беріледі.

Жыл артқан сайын өңірде спорт саласы дамып келеді. Ол айтпаса да белгілі. Ағымдағы жылы «Qyzylgar» ФК өңір тарихында алғаш рет УЕФА Конференция лигасында өнер көрсетті. Ал қуаныштық қыздар Азия біріншілігінде чемпион атанып, ел мерейін асырды. Жекелей жарыстарда да жетістіктеріміз жетерлік. Ислам ынтымақтастығы ойындарында Михаил Литвин мен Артем Захаров алтыннан алқа тағынса, Паралимпиада да Александр Герлиц үздік үштікке ілінді. 19 жастағы муайтайшы Шамиль Ермағанбетов те байрақты бәсекелерде жеңіс тұғырына көтеріліп жүр.

Бүгінгі жиында спортшыға “Халықаралық дәрежедегі спорт шебері” атағы берілді.

ШАМИЛЬ ЕРМАҒАМБЕТОВ, муай тайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері
– Спорттық мансабым 10 жыл бұрын басталды. Өткен жылы ерлер арасындағы жарыстарға шыға бастадым. Жетістіктерім баршылық. ТМД елдері арасында өткен додада чемпион атандым. 2 рет Әлем біріншілігінің жүлдесі бұйырды. Бұнымен тоқтамаймын. Дүниежүзінде №1-ші муайтайшы болып, “ҚР Халықаралық дәрежедегі еңбек сіңірген спорт шебері” нормативін орындағым келеді.

Қазіргі таңда өңірде 32 спорт мектебі мен 1 интернат-колледж бар. Сондай-ақ, 9 спорттық клуб жұмыс істейді. Жыл сайын облыста ауқымы 250 мың адамды қамтитын 1300-ге тарта түрлі спорттық іс-шара өткізіледі.


Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда ҚР Тұңғыш Президенті тестілерінен облыстық чемпионат өтуде
«Qyzyljar» ФК сырт алаңда жеңілді
“Qyzyljar” ФК өз алаңында алматылық “Kairat”-тан ұтылд
СҚО-да самбо дамып келеді
“Qyzylgar” ФК шымкенттік “Ordabasy”-ны ойсырата ұтты
Спортқа жақын ауыл тұрғындарына арналып футбол алаңы салынды
“Отан-2022” әскери спорттық жарысы өтті
Саумалкөл ауылында көпсалалы спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті
Жерлес спортшы Еуропа чемпионатының жүлдегері атанды
Төтенше жағдай қызметкерлерінің арасында чемпионат өтуде
“Qulager” ХК өз айдынында биылғы маусымдағы алғашқы матчын өткізді
«Ботай» ұлттық ойынынан қалалық тұсаукесер-жарысы өтті