«102» мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері

МТРА жаңалықтары

18:33 19 Тамыз 2022

 

Мәтін, аудио және бейне байланыс. Өңір полицейлері азаматтардан «102» мобильдік қосымшасы арқылы хабарлама қабылдайды. Аталған қосымша елімізде 2021 жылдың ақпанында іске қосылды. Алайда әлі тұрғындар арасында аса танымалдылыққа ие бола қойған жоқ. Тәжірибе көрсеткендей, адамдардың дені қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты әлеуметтік желілерде жариялайды. Бұл өз кезегінде күдікті тұлғаны жылдам анықтауды, туындаған мәселенің ақ пен қарасын айыруды тежейді. Ал «102» қосымшасына түскен мәлімет бірден Жедел басқару орталығында тіркеледі және қолданушыға ресми жауап жолданады.

Михаил Золкин, облыстық ПД АББ бөлім бастығы:
– Қосымша іске қосылғалы СҚО ПД-ға 427 хабарлама түсті. Оның 25-і – бейне байланыс арқылы. Аталған қосымшада«SOS» батырмасы бар. Егер сіз экстремалды жағдайға түссеңіз сол батырманы басып, Жедел басқару орталығының операторымен байланыса аласыз. Сондай-ақ, мәтіндік хабарлама арқылы мамандарға сұрақтарыңызды қоя аласыз. Қосымшаны App Store және Google Play платформаларында жүктеуге болады.

Өңір полицейлеріне қосымша арқылы тәулігіне орташа есеппен 10 хабарлама түседі екен. Олардың басым бөлігі көлікпен жүру тәртібіне қатысты. Сондай-ақ, мамандарға бұрынғыдай «102» нөмірі арқылы да хабарласуға болады.

Николай Малыш, қалалық ПБ Жедел басқару орталығының инспекторы:
– Ағымдағы жылдың 7 айында «102» арнасына 85 мың 300-ден аса қоңырау түсті. Оның 19 810 – қылмыс пен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар. Жедел басқару орталығының инспекторлары бейнекамералардың көмегімен 10 337 әкімшілік құқық бұзушылықты тіркеді. Басым бөлігі – жолда жүру ережелерінің және қоғамдық тәртіптің бұзылуы.

Көшедегі бақылау құралдары бұзушылықты тіркеуде ғана емес, ашуда да көп көмегін тигізуде. Жыл басынан бері облыс орталығындағы камералардың көмегімен 117 қылмыс ашылыпты.


Байболат Култанов

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 16.09.2022
МТРК жаңалықтары 30.09.2022
Жасыл алаңдағы жолдастық кездесу
МТРК жаңалықтары 07.09.2022
МТРК жаңалықтары 26.09.2022
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
МТРК жаңалықтары 12.09.2022
МТРК жаңалықтары 06.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
МТРК жаңалықтары 15.09.2022
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
МТРК жаңалықтары 08.09.2022