Петропавлда 26 мас жүргізуші ұсталды

МТРА жаңалықтары

19:01 16 Тамыз 2022

Облыс орталығында көлікті масаң күйде басқарған 32 жастағы қала тұрғыны жауапкершілікке тартылды. Ұстау сәтінде ер адам машинада жай отырғанын айтып, өз кінәсін мойындамаған. Бірақ, ол жазадан қашып құтыла алмады. Тәртіп сақшылары бұлтартпас дәлел ретінде тәртіпсіз петропавлдыққа бейнежетондағы жазбаны көрсеткен. Өз кезегінде медициналық тексеріс жүргізушінің ішімдік ішкенін растады. Соттың шешімі бойынша теріскейлік 7 жылға автомобиль басқару құқығынан айырылды және әкімшілік қамауға алынды. Айта кетейік, бұл факті 19-шы шілде күні бастау алған “Қауіпсіз жол” акциясы аясында анықталды. Іс-шара басталғалы шаһарда 26 мас жүргізушіге құрық салыныпты.

Әсемгүл Әлібаева, СҚО ПД Жергілікті полиция басқармасы қызметінің аға инспекторы:
– Біз ауыр зардаптары бар апаттарға тікелей әсер ететін өрескел бұзушылықтардың жолын кесуге ерешке назар аударамыз. 

Жаяу жүргіншілер де полицейлердің назарында. “Қауіпсіз жол” акциясы басталғалы бері қаламызда жолды белгіленбеген жерден кесу бойынша 1700-ден астам факті тіркеліпті.

Әсемгүл Әлібаева, СҚО ПД Жергілікті полиция басқармасы қызметінің аға инспекторы:
– Жол-көлік оқиғаларына жүргізілген талдау көрсеткендей, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасының көп бөлігі республикалық жолдарда болды. Мысалы, 11 адам қаза тапқан және жергілікті маңызы бар жолдарда 10 адам қаза тапқан. 

“Қауіпсіз жол” акциясы аясында полицейлер қауіпті учаскелерді де басты назарда ұстамақ. Тәртіп сақшылары бұл іс-шараны оқу жылы басталған уақытта күшейтуді жоспарлап отыр.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Арнайы репортаж 30.08.2022
Жастар Қорғанда қазақ мәдениетін таныстырды
МТРК жаңалықтары 19.09.2022
Шақыру батырмасы бар бағдаршам орнатылды
МТРК жаңалықтары 12.09.2022
Зауыт еңбеккерлері Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді
«Күміс жас» бағдарламасы аясында 6 адам жұмысқа орналасты
Облыс аумағында 4 күнде 12 қару тәркіленіп алынды
МТРК жаңалықтары 26.09.2022
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
СҚО-да орақ науқаны жалғасуда
Жолдау жайлы пікір