МТРА жаңалықтары

Сот ғимаратынан бомба табылған жоқ

 

“Петропавлдағы №2 сот пен мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот ғимаратына бомба қойылған”. Таңертең Брусиловский, 60 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік мекеме мен қызметкерлерінің поштасына осындай хабарлама түсіпті 10 жарымда оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жеткен. Көп ұзамай арнайы мамандар ғимаратты тексереді. Алайда жарылғыш зат табылмайды. Сағат 11:20-да фемида өкілдері қайта жұмысқа кіріскен. Қазіргі таңда елдің есін қашырған жалған дерек қалай таралғандығы анықталып жатыр.


Самал Жунусова