МТРА жаңалықтары

Меншік иелері және қарапайым бірлестік төрағаларымен кездесу

 

Қала әкімі шаһардың орталық бөлігіндегі меншік иелері және қарапайым бірлестік төрағаларымен кездесті. Бүгінде Петропавлдың орталығында 445 көпқабатты үй орналасқан. Оның 313-і басқару формасымен қамтылған. Ал қалғаны әзірге қос тізімнің бірінде жоқ. Руслан Аңбаев осы 132 баспананы тездетіп меншік иелерінің немесе қарапайым бірлестіктердің құрамына кіргізуді сұрады. Кездесуде қала әкімі жылыту маусымына дайындықты күшейту қажеттігін де атап өтті. Барлық шаруа қыркүйектің 1-іне дейін аяқталуы қажет. Сондай-ақ, жиында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы сөз болды.


Самал Жунусова