Азық-түлік бағасын бақылау

МТРА жаңалықтары

18:24 9 Тамыз 2022

 

Петропавлда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілуде.

Картоп, пияз, қырықбат, күріш, қарақұмық және қант. Бүгінде халық тұрақты түрде тұтынатын 19 өнім түрінің құны шекті мәннен аспауы тиіс. Алайда, талап әр уақытта ескеріле бермейді. Кейбір кәсіпкерлер үстемені шамадан тыс асырып, пайда табуды көздейтіні жасырын емес. Мұндайға жол жоқ! Осындай ұранмен “АМАНАТ” партиясы жанынан құрылған арнайы топ өкілдері сауда орындарында бақылау жүргізуде. Бүгін бас сұққан нысан – “Северный” супермаркенті.

Петропавл қаласында сұйық майдың орташа құны – 706 теңге. Ал “Северный” супермаркентінде 1 литр “Заречное” майын 635 теңгеге сатып алуға болады. Күріш – 230, қарақұмық болса 330 теңге тұрады. Үстемеақы шамадан тыс қосылмаған. Халық арасында дүрбелең тудырған қант
жайлы да айта кетейік. Сауда орнында шекер жеткілікті көлемде бар. 1 келісі 500 теңге тұрады. Арнайы топ өкілдері ұн туралы да сұрады.

Көкөністердің бағасына да тоқталайық. Мұнда картоптың 1 келісі 172 теңге тұрады. Пияз – 297, ал қырыққабат 115 теңгеден сатылуда.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, “АМАНАТ” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:
– Бүгінгі мониторинг барысында барлық бағаны бақылап, қарап шықтық. Өзіміздің орталық апаратқа және атқарушы органдарға жіберетін боламыз. Өткен аптамен салыстырсақ, бүгінгі таңда сұйық майдың бағасы тұрақталыпты.

Сауда орнында арба сүйреген халықты да сөзге тарттық. Тұрғындар азық-түлік шамадан тыс қымбат екенін айтады.

Блицы:
– Дүкендегі баға шарықтап кеткен. Мен бар-жоғы 100 мың теңге көлемінде зейнетақы аламын. Жетпейді. Бүгінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың өзі қалта қағады.
– Азық-түлік өте қымбат. 5 мың теңгемен дүкенге кірсең, сүт, май, нан ғана аласың. Ақша құнсызданып барады.

Билік халықтың жайын түсінеді. “АМАНАТ” партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Әсем Рахметова тұрғындарды қолдап, өз ойын білдірді.

ӘСЕМ РАХМЕТОВА, “АМАНАТ” партиясы СҚОФ атқарушы хатшысы:
– Сауда орындарының басшылары 19 өнім түрін ғана бақылауда ұстамаса екен дейміз. Өзге де өнімдердің бағасын тұрақты деңгейде ұстау үшін тауар жеткізушілермен белгілі бір байланыста болса деген тілегіміз бар.

Енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын “AMANAT” партиясының мүшелері апта сайын бақылап отырмақ. Мамандар шаһардағы барлық сауда орталықтарында, дүкендерде және базарларда тексеріс жүргізеді.


Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

МТРК жаңалықтары 08.09.2022
Арнайы репортаж 30.08.2022
МТРК жаңалықтары 21.09.22
Ахмет Байтұрсынұлының туғанына – 150 жыл
МТРК жаңалықтары 23.09.2022
Жолдау жайлы пікір
СҚО-да орақ науқаны жалғасуда
Жылыту маусымына дайындық барысы талқыланды
МТРК жаңалықтары 09.09.2022
Зауыт еңбеккерлері Жолдауға қатысты өз ойларын білдірді
Жолдау: білімді ұрпақ – ұлт болашағы
МТРК жаңалықтары 07.09.2022