Спорт

“Qyzyljar” ФК кипрлік “АПОЭЛ”-ға есе жіберді

 

“Qyzyljar” ФК УЕФА Конференция лигасы аясындағы өзінің 3-ші кездесуін өткізді. Солтүстікқазақстандық ұжым бұл жолы сырт алаңда кипрлік “АПОЭЛ”-мен күш сынасты. Өкінішке қарай, матчта жерлестеріміздің айы оңынан тумады. Олар қарсыласқа 1 де 0 есебімен есе жіберді. Ойын тең нәтижемен аяқталуы тиіс еді. Төреші Мусса Коненің 78-ші минутта соққан голын санамады. Командалар арасындағы қарымта кездесу тамыздың 11-і күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Кешкі 19:30-да бастау алатын матчқа солтүстікқазақстандық жанкүйерлер клуб басшылығы бөлетін арнайы автобуспен тегін бара алады.


Алдияр Айтпаев