МТРА жаңалықтары

Премьер-Министр: бизнес алаңсыз жұмыс істеуі керек

Премьер-Министр Әлихан Смайылов кәсіпкерлік қызметте «таза парақтан бастап» реттеуді енгізу және мемлекеттік бақылау салаларын автоматтандыру жөнінде кеңес өткізді. Жиында Үкімет басшысы бизнеске қойылатын талаптар түсінікті әрі айқын болуы және бизнес алаңсыз жұмыс істеуі қажеттігін баса айтты. Цифрландыру ісін де ұмыт қалдырмау қажет. Сала жоспардағыдай автоматтандырылса, елеулі бұзушылықтарға жол беретін іскер жандарға ғана тексерілмек. Бұл ретте жауапты органдар әділдік танытуы тиіс. “Егер қоғам өзгерісті сезінбесе, мен кадр мәселесін қайта қарайтын боламын”,- деді Премьер-Министр.

Байболат Култанов