Академик Уфа Ахмедсафиннің туғанына 110 жыл

МТРА жаңалықтары

18:57 5 Тамыз 2022

 

Көрнекті ғалым, академик, геология-минералогия ғылымдарының докторы. Биыл қазақ гидрогеологиясының негізін қалаушы, атақты жерлесіміз Уфа Ахмедсафиннің туғанына 110 жыл. Атаулы датаға орай Аққайың ауданындағы Трудовое ауылында еске алу шарасы өтті. Жиын біртуар тұлғаның ескерткіш-бюстына гүл шоқтарын қоюмен басталды.

РҮСТЕМ ЕЛУБАЕВ, Аққайың ауданының әкімі:
– Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жоғары кеңесінің депутаты, Қазақстан гидрология және гидрофизика институтының директоры лауазымында өмірінің соңына дейін еңбек еткен даңқты жерлесіміз Уфа Ахмедсафиннің 110 жылдығына арналған салтанатқа жиналып отырмыз. Ғалым өзінің бар өмірін Қазақстанның шөл және шөлейт аумақтарын суландыруға арнады. Осы жолда бар күш-жігерін жұмсады.

4 жасында жетім қалып, Петропавлдағы балалар үйінде тәрбиеленген жас білмегенді тануға құштар болды. Білім қуған Уфа Ахмедсафин Ташкент политехникалық институтының геологиялық зерттеу факультетіне түскен. Кейін қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университетінің кафедра меңгерушісі болып қызмет еткен. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан мен Орта Азияның шөлді аймақтарын зерттеуге арналған. Шараға жиналған қауым сол туындыларды сөз етті.

люфт,
– Город Алмата быстро разросталась. Не хватало воды, они пользовались реками которые находились вокруг. И Ахмедсафин сказал «Под Алматой огромное количество пресной воды. Никто не хотел верить, все смеялись. Но до сих пор стоят скважины которыми пользуется Алмата и сейчас.

Уфа Меңдібайұлы 70-тен артық артезияндық бассейін ашқан. Құрметті ғалым тапқан жерасты сулары бүгінде 35 қаланың тұрғындарын тіршілік көзімен қамтып отыр. Трудовое ауылындағы атақты жерлесіміздің есімі берілген мектепте 2012 жылы мұражай ашылған. Мұнда академиктің баға жетпес 230 ғылыми монографиясы, өзге де еңбектері, жеке заттары сақтаулы тұр. Құнды заттарды білім ошағына Уфа Ахмедсафиннің қызы беріпті.

ДАНИЯР СЕЙІТОВ, У.М.Ахмедсафин атындағы Совет орта мектебінің мұғалімі
–  Уфа Меңдібайұлының ғылымға қосқан үлесі зор. Біз ғалыммен мақтанамыз. Балалар ұлы тұлға туралы білулері қажет. Бізде мұражай сабақтары болып тұрады, оқушылардың әрқайсысы Уфа атамыздың өмірбаяны мен еңбектерін біледі.

Совет орта мектебінен бөлек, Уфа Меңдібайұлының есімі Алматыдағы көшелердің біріне, Қазақстан Ғылым академиясы гидрология және гидрофизика институтына берілген. Жиында Аққайын ауданының әкімі биыл Трудовое ауылындағы көшелердің біріне де академиктің есімі берілетінін атап өтті. Ал Қозыбаев университетінің математика және жаратылыстану факультетінің деканы Сергей Пашков Уфа Ахмедсафиннің шәкіртақысын тағайындауды ұсынды.

Люфт
– СЕРГЕЙ ПАШКОВ, Қозыбаев университеті математика және жаратылыстану факультетінің деканы:
Было бы неплохо учредить стипендию Академика Ахмедсафина.

Кейін салтанатты шара мерекелік концертке ұласты.


Самал Жунусова

Бұдан әрі оқыңыз

Ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
МТРК жаңалықтары 03.08.2022
МТРК жаңалықтары 10.08.2022
Президент “ҚазАвтоЖол” мен “Казахавтодор” компанияларын біріктіруді тапсырды
«Племзавод» Алабота» серіктестігіне биыл 90 жыл толады
Семейдегі жарылыстан зардап шеккендерге сауықтыру кешені салынады
Қала сыртында жол белгілері орнатылып жатыр
Өңірдің ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 217 млн доллардан асты
Экстремизмнің алдын алу
МТРК жаңалықтары 09.08.2022
Шағын және орта бизнестің кластерлік өндірісін дамыту
Салт атты полицейлер саяжайларды бақылауда