64 жастағы солтүстікқазақстандық суға батып кетті

ТЖД

18:49 2 Тамыз 2022

29 шілде күні Ғабит Мүсірепов ауданындағы Новоселовка ауылында 64 жылғы ер адам ыстан уланып қалды. Қазір ол ауруханада ем қабылдап жатыр. Қолда бар дерекке сүйенсек, азамат пештегі қалдықтарды жағады. Алайда, бітелген мұржадан түтін сыртқа шықпай, ішке тарайды. Салдарынан тұрғын төсекке танылған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінде айтылған тағы бір дерекпен бөлісейік. Биыл өлкеде 406 өрт оқиғасы болған. Өкінішке қарай, 30 адам ажал құшқан. Жарақат алғандардың саны 7 адамды құрайды. Көп жағдайда тілсіз жау электр сымдарының тұйықталуынан шыққан.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН – СҚО ТЖД бастығының орынбасары
–  Статистикаға сүйенсек, жазғы уақытта өрт көбінесе жеке үй иелердің аумағында болады. Тұрғындар шөпті моншаға немесе үйге жақын үйетінін байқадық. Осыдан тілсіз жау бас көтеріп жатады. Айта кету қажет, шөпті нысандарға жақын үюге болмайды. Ережені елемегендер әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Жазғы уақытта суда да сақ болу қажет. Өкінішке қарай, тиісті ережені барлығы бірдей ескермейді. Жақында Пестрое көлінің шомылуға рұқсат етілмеген бөлігінде қайғылы жағдай тіркелді. Мұнда ішімдік ішкен 64 жастағы ер адам батып кетті. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

АСҚАР ИСМАҒҰЛОВ – СҚО ТЖД басқарма бастығының міндетін атқарушы
– Жылдың басынан бері 4 адам су құрбаны болды. Өткен жылы өзен-көлдерде 18 адам ажал құшты. Тұрғындардан судағы қауіпсіздікті ескеруді сұраймыз.

Сөз соңында мынандай статистика. Өткен жылы облысымызда суға батып бара жатқан 10 адам құтқарылыпты. Оның біреуі – бала. Ал биыл жағаға 18 демалушы шығарылған екен.

Гульден Симбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Өзен-көлдерде кезекті рейд өткізілді
Судағы қауіпсіздік
Өңірде биыл 394 өрт оқиғасы тіркелді
Жыл басынан бері облыста 358 өрт оқиғасы тіркелді
Петропавлда 25 жастағы жігіт суға батып кетті