Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметіне сыртқы талдау жүргізілмек

МТРА жаңалықтары

19:28 1 Тамыз 2022

Қаладағы және аудандардағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қызметі көңіл көншітпейді. Нақтырақ айтсақ, аталған сала қызметкерлерінің арасында парақорлық жайттары жиі орын алады екен. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мамандарының назары «Коммунхоз» серіктестігіне ауып отыр.
Басы дауға қалған ұйым бірнеше жылдан бері миллиардтаған теңгенің жобаларын ешқандай бәсекелестіксіз алып келген. Ұтса да шаруаны жөнді атқармаған. Бармақ басты, көз қыстылықты болдырмау мақсатында ведомство өкілдері бірнеше бастаманы қолға алмақшы. Бұл жайында облыстық әкімдік қабырғасында өткен жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті.

Сергей Перов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:
– Өзекті мәселелерді шешу мақсатында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы» әзірленді. Аталған бастама аясында облыстық әкімдікпен бірлесе отыра өңір көлемінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына сыртқы талдау жүргізбекпіз. Талдау жөндеу және күтіп ұстау, үй кезегін бөлу, жолаушылар тасымалы, абаттандыру секілді маңызды тұстарды қамтиды.


Бердимурат Баймухан

Бұдан әрі оқыңыз

Биыл 5 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады
Тамыздың 5-і – отандық Медиация күні
СҚО-да «HERMES LTD» қаржы пирамидасы анықталды
«Қазақстан халқына» қоры білім беру гранттарына байқау жариялады
Тамыздың екінші жексенбісі – Құрылысшылар күні
Жұмыс орнында жарақат алу жағдайлары азайып келеді
Өңір тұрғындары «Wildberries»-тен ақшаларын қайтара алмай жүр
Өңірге «Жер аманаты» комиссиясы келді
Екі көлік соқтығысып, екі адам жарақат алды
Алдын алу жұмыстарының жаңа тәсілі
МТРК жаңалықтары 02.08.2022
Жидек теріп жүріп оққа ұшты