4-ші ғасырға тиесілі қос жылқының сүйегі табылды

МТРА жаңалықтары

18:34 27 Шілде 2022

17 ғасырлық тарихы бар құнды жәдігер. “Солнечный-2” шағын ауданында қос жылқының қанқасы табылды. Археологтардың тұспалдауынша сүйектер біздің заманымыздың 4-ші ғасырына тиесілі.

ЖАНАТ БАЙМҮСЕНОВ, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:
– Березовка қорғанында қазба жұмыстарын 28-ші маусым күні бастадық. Биіктігі бойынша аумағы 2 метрді, ал ені 35-ті құрайды. Зерттеуге бірнеше мекеме өкілдері қатысты. Атап айтсақ, облыстық музей мамандары мен Қозыбаев университетінің қызметкерлері. Шаруаны кеше аяқтадық.

Мамандар қос жылқының біреуін тұтас күйінде тапқан. Оның бас сүйектері бүтін, ал екіншісінің кейбір сүйектері жоқ. Алдағы уақытта табылған қаңқалар топырақтан мұқият тазартылады. Кейін не бірден облыстық өлкетану музейіне жіберіледі немесе орталықта толық зерттеуден өтеді. Айта кетейік, Березовка қорғанындағы қазба жұмыстары биылдыққа аяқталды. Шаруа келесі жылы жалғасын табады.

ЖАНАТ БАЙМҮСЕНОВ, тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының бөлім меңгерушісі:
– Бүгінде қазба жұмыстары тоқтатылды. Себебі, қорым біз ойлағаннан да үлкен болып шықты. Бұл қосымша қаржыландыру мен кадр қатары толықтыруды қажет етеді. Қорғанда 3-4 кісіден жұмыс істеді. Бұл мұндай зерттеу аумағы үшін аздық етеді.

Ең қызығы жылқы сүйектерінің астынан мамандар қабір дақтарын анықтаған. Зерттеу аумағындағы қара жер түр-түсі, құрамы мен майлылығымен ерекшеленген. Яғни келесі жұмыс жалғасын тапқан жайдайда археологтар адамның бас сүйегін табуымыз мүмкін деп топшылауда.


Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін
Ауылдағы ағайынның үйіне таза ауыз су кіргізілуде
МТРК жаңалықтары 04.08.2022
Жыл басынан бері өңірде 230-дан астам адам жоғалған
Мүгедектігі бар жандарға арналып жазғы лагерь ұйымдастырылды
Ыдыс-аяқ аламын деп алаяқтарға кез болған
МТРК жаңалықтары 01.08.2022
«Жер аманаты» комиссиясының өкілдері Мамлют ауданының тұрғындарымен кездесті
Әділдікті талап ет!
Қыстың қамын жаз ойла
Қала сыртында жол белгілері орнатылып жатыр
Биыл облыс жолдарында 19 адам қаза тапты