Биотоғаннан бөлінетін күкіртсутегі көлемі азаяды

МТРА жаңалықтары

20:47 21 Шілде 2022

Көптің қолқасын қапқан жағымсыз иіс. Былтыр да, биыл да қаланың қай бөлігінде болсын өткір күкіртсутегінің иісі тұрды. Оған шаһар шетіндегі мына биотоған себеп. Күн жылынып, су булана бастағанда айдыннан осындай жағымсыз иіс бөлінеді. Бұл проблеманың шешімін табу үшін бүгінде судың ғылыми-технологиялық орталығы мамандары “Қызылжар су” қызметкерлерімен бірлесіп тиісті жұмыс жүргізіп жатыр.

АЛЕКСАНДР РЕЙБАНДТ, “Судың ғылыми-технологиялық орталығы” ЖШС директоры
– Біздің қолданып жатқан технологиямыз суды тазартып, мөлдірлік көрсеткішін жақсартады. Тиісінше иістің де алдын алады. Енді процеске тоқталайық, бұл айдында дафния атты организмдер өмір сүреді. Олар суды өздері арқылы өткізеді. Осылайша тіршілік көзін табиғи түрде тазартуға септеседі.

Қазіргі таңда мамандар организмдер санын көбейтумен айналысуда. Зертханада дафниялар үшін хлорелла өсіріледі. Аталған организмдер осы балдырмен қоректеніп, көбейе түседі. Өткен жылы мамандар биотоғанға оның 400 тоннасын жіберген.

АЛЕКСАНДР РЕЙБАНДТ, “Судың ғылыми-технологиялық орталығы” ЖШС директоры
–  Балдырлар “Қызылжар суға” тиесілі аумақтан да жиналады. Онда да хлорелланы көп мөлшерде өсірдік. Жалпы, биотоғанға аталған балдыр түрін қысы-жазы тасимыз. Мәселен, өткен қыста 19 тоннасын жеткіздік.

Жалпы, өткен жылы бұл шаруаға “Қызылжар су” серіктестігі өз қаржысынан 23 млн теңге бөлген. Биыл қаржыландыру көлемі 49 млн-ды құрап отыр.

АЛЕКСАНДР РЕЙБАНДТ, “Судың ғылыми-технологиялық орталығы” ЖШС директоры
– Алдағы уақытта бұл процесс толығымен “Қызылжар су”-ға өтеді. Яғни, хлорелланы енді серіктестік мамандары өздері жібереді. Аумаққа фотобиореактор қойылады. Қазіргі таңда қалада биогенттік қалдық шығаратын кәсіпорындар жетерлік. Зиянды элементтердің кесірінен дафниялар сияқты организмдер қырылып қалады. Сол себепті, бұл жұмысты тұрақты түрде жүргізіліп тұруы керек.

Мамандар шаруа өз нәтижесін береді, күкіртсутегінің мөлшері келесі жылға дейін азаяды деп отыр. Бірақ, бұл проблема кәріз тазарту қондырғыларын қайта құру жұмыстары аяқталғанға дейін толық шешілмейді екен.

Алдияр Айтпаев

Бұдан әрі оқыңыз

Қазақстанда 3 жылда 2 мыңнан астам заңсыз көлік құралы тіркелді
МТРК жаңалықтары 11.08.2022
СҚО-да көлік апатынан 1 адам қаза тапты
Қазақстанда отбасының цифрлық картасы 1 қыркүйекте іске қосылады
«Севказэнергосбыт» тұтынушыларға қарызын қайтарды
Қазақстандықтар қайтарымсыз грант ала алады
Азық-түлік бағасын негізсіз көтергендер жауапкершілікке тартылуы мүмкін
Әскердегі цифрландыруды дамыту және жетілдіру
МТРК жаңалықтары 12.08.2022
Ауылдағы ағайынның үйіне таза ауыз су кіргізілуде
Петропавлда сыраға масайып алған жасөспірім анықталды
Қазақстанда бензиннің шекті бағасы бекітілді