Бүгінгі күннің батыры

МТРА жаңалықтары

19:34 19 Шілде 2022

 

 

Облыстық полиция департаментінің қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды.

Руслан Ақматов құқық қорғау органында 2014 жылдан бері қызмет етеді. Осы аралықта ол әріптестері арасында жауапты, ісіне адал маман ретінде танылды.
Тіпті, екі мәрте өз кәсібінің үздігі атанған. 2016 жылы Руслан Ақматов өзіне-өзі қол жұмсамақшы болған қызды құтқарып қалады. Нәзікжанды Есіл өзеніндегі көпірден секірмекші болған. Қызды құтқарған полиция қызметкері бұған дейін III дәрежелі «Құтқарушы» төсбелгісімен марапатталған.

Руслан Ақматов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:
– Полиция қызметкерлері кез келген жағдайға дайын болуы тиіс. Біздің жұмыс шыдамдылық пен зор жауапкершілікті талап етеді. Біз халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауаптымыз. Осы салада еңбек етіп жүргеніме еш өкінбеймін.

Ал биыл Руслан Ақматов адам өмірін құтқарып қалғаны үшін Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың қолынан «Ерлігі үшін» медалін алды.

Руслан Ақматов, қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы:
– Мен үшін мемлекеттік наградаға ие болу – зор жетістік. Қуанышым қойныма сыймай тұр. Бұны менің еңбегімнің бағаланғаны деп білемін. Алдағы уақытта да еліме адал қызмет көрсетуге дайынмын.

Айта кетейік, СҚО-да батырлық іске барған 8 полиция қызметкері «Ерлігі үшін» медалімен марапатталған.


Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

4-ші ғасырға тиесілі қос жылқының сүйегі табылды
Жұмыс орнында жарақат алу жағдайлары азайып келеді
“Жолда қабылдау” акциясы
«AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті
Жас сарбаздар ант қабылдады
Тамара Дүйсенова өңір кәсіпкерлерімен кездесті
Өтініш-арызға жауап беру сапасының рейтингі құрылады
Жұмыла көтерген жүк жеңіл
Жанға жылу сыйлаған “ASAR JOLY” қайырымдылық туры
Семейдегі жарылыстан зардап шеккендерге сауықтыру кешені салынады
Ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін
Қазақстандықтар тамыз айында 9 күн демалады