Референдумға атсалысқан солтүстікқазақстандық белсенділер марапатталды

Аптадағы маңызды жаңалықтар

17:28 24 Маусым 2022
Бүгін облыстық әкімдікте референдумды ұйымдастыруға белсенді қатысқан өңір азаматтары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталды.

Қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, ұстаздар мен күш құрылымдары. Аталған сала өкілдерінің барлығы жалпыхалықтық референдумды жоғары деңгейде өткізуге зор үлес қосты. Жиын барысында облыс әкімі Құмар Ақсақалов әр маманға маңызды саяси науқанда жауапкершілікпен атқарған жұмысы үшін алғысын білдірді.

 ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Қазақстандықтар Президенттің конституциялық реформасына жоғары сенім мен қолдау көрсетті. Дауыс беруге келген солтүстікқазақстандықтардың 81,5 пайызы өзгеріс енгізуді қолдады. Бұл – республика бойынша өте жоғары көрсеткіш.

Кейін өңір жетекшісі марапаттау рәсіміне көшті. Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғыс хаты бірінші болып облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы Жарасбай Сүлейменовке табысталды.

 ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, СҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы:

 – Біздің алдымыздан кең мүмкіндіктер ашылып отыр. Біз әділетті Қазақстанды құруға қадам бастық.

Құрметке бөленгендердің арасында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов те бар. Ел ағасының мұрындық болуымен небәрі бір айдың ішінде ұйым мүшелері 250-ге жуық адамнан тұратын штаб құрды. Штаб өкілдері жер-жерді аралап, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы халық арасында түсіндіру, талқылау жұмыстарын қарқынды жүргізді.

ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Болашақта Конституцияға енетін өзгерістердің арқасында қоғамымыздың болашағы зор болады деген үміттеміз.

Жалпыхалықтық референдумның өзін және оған дайындық барысын жария етуде жергілікті БАҚ өкілдері де ауқымды жұмыс атқарды. Муниципалдық телеарна эфирінен бір айдан астам уақыт ішінде 300-ден астам бейнематериал көрсетіліп, әлеуметтік желідегі парақшасында 400-ден астам пост жариялаған. Арна ұжымының еңбегі еленді.

АННА ПОТЕРЯЕВА, МТРК шеф-редакторы:
– Бірінші кезекте телеарна ұжымының атынан қоғам белсенділеріне, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелеріне алғысымызды білдіреміз. Бұл азаматтар бізге ақпараттық жұмысты тиімді жүргізуге өз септігін тигізді. Жалпы, референдум алдында біздің ұжым Ата Заңға енгізілетін әр тармақты халыққа қарапайым тілмен жеткізуге тырысты.

Президенттің алғыс хаты бүгін 20-дан астам солтүстікқазақстандыққа табысталды.


Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

СҚО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы
Медицина қызметкерлері күні
Облыс әкімі “CLAAS” зауытының өкілдерімен кездесті
Облыс әкімі құрылыс алаңдарында болды
Облыс әкімі жұмыс сапарымен Ғ.Мүсірепов ауданында болды
Үкімет отырысы
Облыс әкімі ГФР-дың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісімен кездесті
Петропавлда құс фабрикасының құрылысы басталды
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы