МТРА жаңалықтары

24 маусым – Судья және сот қызметкерлерінің күні

Бүгін Қазақстанның сот жүйесінің құрылғанына 30 жыл толды. Осыған орай Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында мерекелік іс-шара өтті. Мұнда өңіріміздің барлық судьялары мен сот жүйесінде қызмет ететін мамандар жиналды. Жиын барысында оларды облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов құттықтады.

Марат Тасмағанбетов, СҚО әкімінің бірінші орынбасары:

Айта кетейік, биыл Судья және сот қызметкерлерінің күні елімізде алғаш рет аталып өтілуде. Осы орайда бүгін бірқатар заң өкілі тиімді, адал еңбегі, өңірдің сот жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Гүлзия Едіресова, облыстық соттың судьясы:
– Мен 20 жылдан бері сот жүйесінде қызмет етіп келемін. Бүгін алғаш рет өз кәсіби мерекемді тойлап жатырмын. Мен ғана емес осында жиналған барлық мамандар үшін бұл үлкен қуаныш деп ойлаймын. Біздің жұмыс сабырлық пен қажырлықты талап етеді. Барлық әріптестерімді төл мерекелерімен құттықтаймын.

Сонымен қатар, жиын барысында Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Ербол Жанғазин сөз алып, келген қонақтарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, өз тілегін айтты.

Ербол Жанғазин, облыстық соттың төрағасы:

Жалпы, бүгінгі іс-шарада 30-ға жуық маман марапатталды. Жиын соңы мерекелік концертке ұласты.


Бердимурат Баймухан