«Балаларды қорғау күні» акциясы

МТРА жаңалықтары

21:49 2 Маусым 2022

Балаларды қорғау күні. Бүгін облыс орталығында «Қызылжар аналары» қайырымдылық қоры мен «Әйелдер күштерінің альянсы» ұйымы бірлесіп акция өткізді.
Шараға көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан 45 бала қатысты. Жас шамалары 12-ден аспайды.

Гаухар Иманбетова, “Қызылжар аналары” ҚҚ өкілі
– «Қызылжар аналары» қоры 6 жыл бұрын құрылған. Осы уақыт ішінде талай мұқтаж отбасыға көмек көрсеттік. Әрине, бұл атқарылар істің бір парасы ғана. Алдағы уақытта бірқатар маңызды әрі пайдалы іс-шара өткізу жоспарда бар.

Бүгінгі кеш көңілді өтті. Балалар арнайы шақырылған аниматорлармен бірге би биледі, түрлі ойындар ойнады. Кішкентай қонақтар аса белсенділік танытты. Жеткіншектерге ұйымдастырушылар сыйлықтан үлестіріп, ата-аналарына оқу құралдарын алу үшін 3 мың теңгелік сертификаттан берді. Кеш балалардың көңілінен шықты.

Әбдукәрім Қалеев:
– Аға-әпкеммен бірге келіп отырмын. Маған бұл кеш ұнады, түрлі ойын ойнадық. Сыйлықтары да жақсы.


Белсенді нәзікжандылар алдағы уақытта өмірлік қиын жағдайға тап болған аналарға кәсіп бастауды үйретіп, тиісті білім алуы үшін қолдау көрсетпек.

Ұлан Ыдырыс

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавл көшелерін ақ мамық басты
Сарбаздар ант қабылдады
Петропавлда запастағы әскерилер арасында оқу-жаттығу жиыны өтті
МТРК жаңалықтары 17.06.2022
Өңірге «AT TRAVEL» ат клубы экспедициямен келді
Өңірде қылмыс саны азайды
ЕС-164/3 түзету мекемесінде ашық есік күні өтті
Өңірде еңгістік науқаны аяқталды
Есірткімен ұсталған жігіт 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық спартакиада бастау алды
Петропавлда “Агро Қызылжар”көрмесі өтті
Ғ.Мүсірепов ауданында жаңа учаскелік полиция пункті ашылды