2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстан бюджетіне цифрлық майнинг үшін 652 миллион теңге түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Салық еліміздің 12 өңірінен аударылған. Ең көп төлем Нұр-Сұлтанда, яғни 277,3 млн теңге, БҚО-да – 143, ал Ақтөбе облысында 48,9 миллион теңге түсті. Қарағанды облысының майнерлері ел бюджетіне – 45,2 млн, павлодарлықтар 37 млн аударса, алматылықтар 36 млн теңгеден астам қаржы аударған.
Бердимурат Баймухан