Облыста телефон ұрлығы азайды. Биыл мұндай 111 жағдай тіркелді, ал өткен жылдың шамамен 5 айы ішінде 159 байланыс құралы қолды болыпты.
Жоқ іздеушілер ұялы телефондарынан көппен бірге отырған кездерінде айырылып қалған. Осы ретте тәртіп сақшылары тұрғындарға өз мүліктеріне ие болу қажеттігін ескертеді. Өңірде, сондай-ақ, үй мен көлікті бұзып кіруге қатысты фактілер де сиреген. Жыл басынан бері мұндай 7 іс тіркеліп, оның бәрі ашылған.
Самал Жунусова