Sailau banner

МТРА жаңалықтары

Биыл Петропавлда 36 адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді

Туған анасына тиыштық бермеген ер адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді.
Ішімдікке салынған қала тұрғынының әрекетінен нәзікжандыға бірнеше рет үйінен кетуіне тура келген. 35 жастағы ер адам араққа қана емес, нашаға да жақын екен. Ұрлық жасағаны үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылған.

Анасының айтуынша үйдегі дүниелер жоғала бастаған. Еліткіш дүниеге елтіп алып төбелес шығаратын ер адам наркологиялық ұйымға 6 айға мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Жалпы, жыл басынан бері 36 петропавлдық мәжбүрлі емдеуге жіберілген. Биыл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда мұндай 11 адамға көп.

Данаш Хамзина