Биыл мектеп түлектері «Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханды ауызша тапсырады

Білім

22:08 6 Мамыр 2022

Биыл мектеп түлектері «Қазақстан тарихы» пәнінен емтиханды ауызша тапсырады. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық кеңесінде мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова мәлімдеді.
Жылдағы дәстүрге сәйкес биыл да мектеп түлектері 5 пәннен емтихан тапсырады. Осы реттей айта кетейік, емтихан пәндері және тапсырмалардың мазмұнына қатысты ешқандай өзгеріс жоқ. Барлығы да мектеп бағдарламасы аясында өтеді. Ал 11-ші сынып оқушыларынан “Қазақстан тарихынан” өтетін емтиханды ауызша қабылдау төл тарихты тереңірек білуге жол ашады дейді білікті педагог Әйгерім Уәлиева.

Әйгерім Уәлиева, №8 жалпы орта білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп кешенінің директоры:
– Тарих пәнінен ауызша емтихан тапсыру бұл қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп анализ жасай алады. Тестпен салыстырғанда оқушы бір сұрақпен ғана шектеліп қалады. Ал ауызша толыққанды сұраққа жауап беру мүмкіндігі болады.

Дана Ешкенова

Бұдан әрі оқыңыз

БИЫЛ ӨҢІРДЕГІ 86 ОҚУ ОРНЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУ ӨТЕДІ
Петропавлда робототехникадан облыстық олимпиада өтті
СҚУ-да Қазақстан халқының бірлігі күніне орай жиын өтті
Инклюзивті білім беру бағдарламасының іске асырылуы
2022 жыл – Балалар жылы
Биыл өңірде 3 мың 387 түлек мектеп тәмамдайды
Жаңа Қазақстан: жас педагогтардың рөлі