Қоржын 1 ұпаймен толықты! Кеше петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы алматылық “Kairat”-пен тең ойнады. Ел чемпионатының 9-шы тур аясында сырт алаңда өткен матч 1 де 1 есебімен аяқталды.
Солтүстікқазақстандықтар сапынан жалғыз голды черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зорич соқты. Бұл кездесуде жақында ғана Андрей Карповичтің орнына келген Али Алиев шәкірттерінде жеңіс тойын тойлайтын бірнеше жақсы мүмкіндік болды. Алайда, теріскейліктер тепкен теңбіл доп қарсылас қақпаға дарымады. Қазір “Qyzyljar” турнирлік кестенің 13-ші сатысында тұр. Ендігі ойын мамырдың 7-сі күні елордада көшбасындағы “Taraz”-ға қарсы өтеді. Матчтың басталу уақыты – 16:00.
Байболат Култанов