МТРА жаңалықтары

Облыста “102” қосымшасына биыл 40-тан астам хабарлама келіп түскен

«102» қосымшасы өз нәтижесін беріп жатыр. Жоба өткен жылдың ақпанында қолданысқа енгізілді. Содан бері солтүстікқазақстандықтардан 700 өтініш-шағым келіп түскен. Басым бөлігі облыс орталығынан, Жамбыл мен Аққайың аудандарынан жолданыпты.

Тұрғындар мобильдік қосымшаға хабарламаны мәтін түрінде, суретке түсіріп немесе аудио-жазба ретінде де жолдайды екен. Тәртіп сақшылары 360 жағдай бойынша тексеріс жүргізіп, айыпты тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. 2 шағым-өтініш Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Осы жылдың басынан 40-тан астам хабарлама жолданған. Басым бөлігі қалада жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты.

Дана Ешкенова