Спорт

“Qyzyljar” ФК кезекті мәрте жеңілді

Үшінші ойында – үшінші жеңіліс! Кеше петропавлдық “Qyzyljar” футбол клубы қостанайлық “Tobol”-ға есе жіберді.

Сырт алаңда өткен матч екі де нөл есебімен аяқталды. Бұл кездесуде чемпиондар сапынан Зоран Тошич пен Асхат Тағыберген көзге түсті. Алғашқы гол айып алаңының сыртынан соғылса, екіншісі пенальтиден салынды. Жанкүйерлерді кезекті мәрте жерге қаратқан ұжым енді елордада Павлодар облысының “Aqsu” командасымен күш сынасады. Төртінші тур аясында жоспарланған ойын сәуірдің үшінші жұлдызына белгіленген. Жергілікті “Qulager” хоккей клубы да сенімді ақтамады. Ел чемпионатының плей-офф сынында петропавлдық құрама көкшетаулық “Arlan”-ға төрт рет ұтылып, жүлдеден қол үзді.

Эльмира Садвокасова