Алғаш болып қонақтарды қалалық полиция басқармасының мамандары қарсы алды. Мұнда келгендерге «Ұйқыашар» атты салт таныстырылды. Бұл – қазақтың ежелден келе жатқан ғұрпы. Қалыптасқан дәстүр бойынша мереке алдында қыз-келіншектер түрлі тағам әзірлеп, жігіттерге ұсынады.
Облыстық Полиция департаментінің өкілдері де қонақтарды төрге шығарды. Мамандар киіз үй ішінде меймандарға «Беташар» мен «Тұсау кесу»
салтының қалай жасалатынын көрсетті. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары қазіргі күні өзектілігін жоғалтып бара жатқан «Бесікке бөлеудің» де маңызы, пайдасы жайлы ақпарат берді.
Сәуле Андағұлова, СҚО ПД бастығының орынбасары:
– Алдағы уақыта мерекеге орай түрлі қайырымдылық шараларын қолға аламыз. Солтүстікқазақстандықтарды Наурызбен құттықтаймын!
Қайырымдылық шарасы қазір де өтіп жатыр. Полицейлер Наурыз қарсаңында қарттар үйіне барып, қазыналы қарияларымызды құттықтады. Дастархан жайып, ас-судан ауыз тигізді.
Бердимурат Баймухан