МТРА жаңалықтары

Жаңа облыстардың құрылуы тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға серпін береді

Елімізде 3 жаңа облыс құру өте дұрыс ұйғарым дейді жергілікті тарихшылар. Қазақстанның шығысында нүктесі белгіленетін аймаққа ұлы ақын Абай атамыздың есімін беру тарихи тұрғыда да маңызды шешім екенін жеткізді Қозыбаев университеті ректорының кеңесшісі Ақмарал Ыбыраева. Айтуынша, жаңа облыстардың құрылуы елдің шығысындағы қалаларды қайта жандандырып, жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға серпін береді.

Ақмарал Ыбыраева, Қозыбаев университеті ректорының кеңесшісі:

– Президент Абай және Ұлытау облыстарын құруды ұсынды. Бұл облыстардың орталықтары Семей және Жезқазған қалалары болады. Мемлекет басшысы Алматы облысын екіге бөлу жөніндегі шешімін айтты.

Бердимурат Баймухан