Өңірдегі өзен-көлдерде мұз жару жұмыстары басталды.
Уәлиханов ауданында Сілеті өзенінің мұзы жарылғыш затты қолдану арқылы ойылды. Мұз жамылғысын жылжыту үшін мың шаршы метр аумаққа 140 келі петроген жұмсалған. Мұндай әдіс су тасқынының алдын алуға септеседі. Еске сала кетейік, Сілеті өзенінің бойында мыңнан астам тұрғыны бар 3 елді мекен орналасқан. Бұл ауылдар жыл сайын су басу қаупі жоғары аумақтар қатарына кіреді. ТЖД мамандары осындай су тасқынына қарсы іс-шараларын жүргізгеннен кейін ауыл тұрғындарына мұзға шығуға тыйым салады.
Дана Ешкенова