Қылмыс

Мал ұрлағандар ұсталды

Мал ұрлығымен айналысқандар ұсталды. Полицейлер Қызылжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінен қой мен Ғ.Мүсірепов ауданында жайылып жүрген 3 жылқыны барымталап кеткен пысықайларды қолға түсірді. Тағы бұрын жасалған 8 мал ұрлығы қылмысының бетін ашты. Жалпы, өңірде өткізілген «Барымташы» жедел-алдын алу шарасы аясында тәртіп сақшылары 900-ден астам көлік, 1 мыңға жуық шаруа қожалығы мен ферма және 270-ке жуық ет сату орнын тексеріпті. Нәтижесінде 60-тан астам заңбұзушылық тіркелген.

Магжан Ахмадина