Спорт

Қазақ күресінен Қожаберген жырау атындағы республикалық турнир өтуде

Ұлттық спорт ұлықталуда. Облыс орталығында қазақ күресінен Қожаберген жырау атындағы республикалық турнир өтуде.

Петропавл төрінде осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі додаға биыл еліміздің 9 өңірінен 160-қа тарта палуан келген еген. 15-16 жастағы жастар 9 салмақ дәрежесі бойынша екі күн бойы бозкілем үстінде мықтыны анықтайды. Бүгіннің өзінде кейбір спорт саңлақтары сынға түсіп, жарыс жеңімпазы атанып үлгерді.

Мақсат Төлеу, Қожаберген Толыбайұлы атындағы республикалық турнирдің жеңімпазы, Қостанай облысы:

– Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Бұл жарысқа бір жыл бұрын келгенмін. Бірақ, ол кезде жүлдеге ілікпедім. Биыл орын алдым. Қарсыластарым жарысқа мықты дайындалып келген. Финалда прогиб және жамбас әдісін жасадым. Қарсылас та жақсы деңгейде.

Ғалым Өркешов, қалалық күрес мектебінің әдіскері:

– Бірінші күні 5 салмақ, екінші күні 4 салмақтағы палуандар күреседі. Бірінші орын алған спортшыға белбеу беріледі. Ал жүлдеге іліккен балаларға медальдар табысталады. Бүгін түске дейін 46 келіден 65 келіге дейінгі балалар күресті.

Алдияр Айтпаев