МТРА жаңалықтары

Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерін елемеген кәсіпорын басшылары жазаланады

Электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерін елемеген кәсіпорын басшылары айыппұл арқалайды! Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің СҚО бойынша аумақтық департаменті өкілдері жауапты тұлғалармен кездесу өткізіп, негізгі ережелерді еске салды.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сүйенсек, өңір халқына қызмет көрсететін ұйымдар белгілі бір норма шеңберінде жұмыс істейді. Мысалы, «Солтүстік-Қазақстан Электржелістік Тарату Компаниясы» акционерлік қоғамында SAIFI (саефи) мәні – 2,11-ге, ал SAIDI (саеди) 3,22-ге тең. Екінші мекеме – Оңтүстік-Орал теміржолының Петропавл бөлімшесі. Мұндағы көрсеткіштер 0-ге тең. Қабылданған қаулыға сәйкес, бұл цифрлар өзгермеуі тиіс. Егер қандай да бір ауытқу тіркелсе, басшы жауапқа тартылады.

Жәмила Әбдіқасымова, ҚР ЭМ АЭҚБК СҚО бойынша аумақтық департаментінің бас маманы:

– Осы аталмыш көрсеткіштерді бұзғаны үшін энергетика кәсіпорындары басшыларына ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 301-1 бабына сәйкес 125 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Былтыр бұзушылық тіркелмеді. Яғни, айыппұл салынбады.

Байболат Култанов