Петропавлда өрттен 5 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға наурыздың 13-ші жұлдызында Береке ықшам ауданында болды.
Түнгі сағат 1-лер шамасында 101 телефон нөміріне тілсіз жау 4 пәтерлі үйде бас көтергендігі жайлы хабар келіп түскен. Құтқарушылар оқиға орнына келген сәтте 3-ші баспана жанып жатыпты. Қызыл жалынды сөндіру барысында мамандар 47, 43 және 62 жастағы 3 ер адам мен 60-шы және 67-ші жылғы 2 әйелдің денелері тапқан. Қайтыс болған жандардың дененлері медициналық сараптамаға жіберілді. Куәгерлердің айтуынша марқұмдар оқиға болар алдын спирттік ішімдік ішкен. Өрттің шығуына сөнбей қалған темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.
Алдияр Айтпаев