Спорт

Борки кентінде қысқы спорт маусымының жабылу салтанаты өтті

Жарыста бақ сынау үшін бүгін Борки кентіне жас-үлкеннің бәрі жиналған. Сайыста топ жару – әркімнің мақсаты.

Әне-міне дегенше тартыс та басталып кетті. Қазір ер адамдар – 5 шақырымға, ал нәзікжандылар 3 шақырымға жүгіріп мықтыны анықтауда. Топ ішінен дараланып алғашқылардың бірі болып Мұхаммед Қизатов желдей жүйткіп келеді. Бұл басымдығын спортшы мәре сызығын кескенше сақтай алды. Алайда, алдына бір бәсекелесін жіберіп алып, екінші орынды қанағат тұтты.

Мұхаммед Қизатов, жарысқа қатысушы:

– Шаңғы спортына бала кезімнен бет бұрдым. 8-ші сыныпта спорт интернатына қабылдандым. Болашақта шаңғы тебуден жаттықтырушы болып еңбек етсем деймін.

Мұндай жарыс өңірде дәстүрлі түрде өткізіледі. Оған қатысатын әуесқойлардың саны жыл сайын артып келеді екен. Қысқы спорт маусымының жабылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Ғани Нығыметов қатысты. Оның айтуынша облысымызда қысқы спорт түрлері қарқынды даму үстінде.

Ғани Нығыметов, СҚО әкімінің орынбасары:

– Жалпы, әр ауданда біз стадион, корт салып жатырмыз. Әр аудан орталығында мини олимпийская деревня сияқты дамытып жатырмыз. Бұның бәрі бұқаралық спортты дамыту үшін қажет. 01:01.Біз бұқаралық спортты дамытсақ, ертең кәсіби спорт та жақсы дамиды. Мына жастарымыздын арасынан Олимпиада чемпиондары шығады.

Осылайша қысқы спорт маусымының жабылу салтанатына 300-ге жуық солтүстікқазақстандық қатысты. Жарыс соңында қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. Ал араларынан озып шыққандарына грамота мен арнайы сыйлықтар тарту етілді.