Спорт

Күш құрылымдары арасында волейболдан жарыс өтті

Волейболдан күш құрылымдары арасындағы жарысқа қала және аудан командалары қатысуда. Іріктеу кезеңінен Айыртау аудандық полиция бөлімінің құрамасы сүрінбей өткен. Бүгін мамандар ақтық кезеңде жүлде үшін бақ таластырмақ.

Нұрбол Жакенов, Айыртау ауданының полиция бөлімінің қызметкері:


– Біздің қарсыластарымыз өте мықты дайындықпен келген. Бірақ, біз де оңай шағылатын жаңғақ емеспіз. Тұрақты түрде жаттығулар жасап, тыңғылықты дайындықпен келдік. Барлық командаларға сәттілік тілеймін!

Жалпы, волейболдан мамандар арасындағы жарыс «Динамо» қысқы спорт түрлері бойынша спартакиада аясында өткізіліп отыр. Бұған дейін қатысушылар шаңғы теуіп жарысқан екен. Енді, міне, волейболдан мықтыны анықтауда.

Жарысқа аудандық полиция бөлімдері, құқық қорғау органдары мен күш құрылымдарының қызметкерлері қатысуда. Оның ішінде 13 команда полиция бөлімдерінің мамандарынан жасақталған. Жарыста барлығы – 21 ұжым бақ сынауда.

Мықтыны анықтау үшін әрбір команда 4 кездесуден өткізді. Нәтижесінде жүлделі үшінші орынға Ұлттық ұлан әскери академиясының құрамасы табан тіреді. Ал финалда Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жергілікті департаменті мен облыстық полиция департаментінің ұжымы кездесті. Тартысты ойында 2 де 0 есебімен әскери академия құрамасы жеңіске жетті.

Алдияр Айтпаев