8 Наурыз қарсаңында марапатқа Жаңыл Баймендина да ие болды. Отставкадағы полиция подполковнигі құқық қорғау саласына өмірінің 30 жылын арнаған екен. Талай қылмысты тергеген зейнеткер ішкі істер органдарында ерекше құрметке ие. Бүгін нәзікжандыны бұрынғы әріптестері мерекемен құттықтай келіп, «Ерен еңбегі үшін» медалін табыстады.
Ал тәртіп сақшысы Ерлан Мәдиев жұмыстағы үзілісті пайдаланып, анасын мерекемен құттықтап келді. Қолында бір құшақ гүлі бар. Баласын Зәуре Мәдиева есіктен қарсы алып, бірден шәйдің қамына кірісті. Ұлының жұмысының қиын екендігін зейнеткер жақсы түсінеді. Сол себепті, баласына әр уақытта қолдау көрсетіп, күндіз-түні тілеуін тілейді.
Зәуре Мәдиева:
– Қызметі жемісті болғанын және амандығын тілеймін. Қазіргі заманда олардың қызметтері өте ауыр әрі жауапты. Сол үшін де бұл мамандардың жұмысын жұрт бағаласа екен деймін.
Полицейлер мерекені жылда ертерек атап өтеді. Себебі, мереке күндері олар күшейтілген тәртіпте қызмет етеді.
Алдияр Айтпаев