МТРА жаңалықтары

Жас өркен ықшам ауданында модульдік бекет ашылды

Халыққа жақын полиция! Бүгін облыс орталығында тағы бір модульдік бекет ашылды. Жас өркен ықшам ауданында орын тепкен нысанның жалпы ауданы 20 шаршы метрді құрайды. Қосын дербес компьютермен, стационарлық телефонмен, сыртқы және ішкі бейнекамералармен жарақталған. Мұнда учаскелік инспекторлардың көмекшілері мен ювеналдық полиция қызметкерлері 24 сағат бойы қызмет атқарады. Яғни, тұрғындар мамандарға тәуліктің кез келген уақытында жүгіне алады. Жаңа модульдік бекеттің жұмысымен облыстық полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдолдинов арнайы барып танысты.

Бердимурат Баймухан