МТРА жаңалықтары

“Ecoshop” дүкенінің өнімдеріне сұраныс артып келеді

Алдияр Айтпаев, тілші:

– Алда 8 Наурыз – Халықаралық әйедер күні. Осы орайда нәзікжандыларға сыйлық таппай жүрген ер азаматтардың құлағына алтын сырға. Сіздерді «Экошоп» дүкеніне шақырамыз. Мұнда кез келген талғамға сай тауар алып, аяулы аналарыңыз бен жарларыңызды, қарындастарыңызды қуанта аласыздар.

“Ecoshop” – Петропавлдағы дұрыс тамақтанудың алғашқы гастрономы. 1 жыл бұрын дүкен “Евразия” сауда үйінде ашылды. Ал қазір “Kvartal” сауда орталығының 1-ші қабатына көшірілген екен. Мұнда келушілерге 400-ге тарта тауар түрі ұсынылып отыр.

Роза Шарипова “Ecoshop” дүкенінің консультанты:

– Өнімдерде химия жоқ. Барлығы да табиғи таза өнім. Сөрелердегі дүниелер Ресей мен Татарстанда және өз елімізде жасалған. Бағалары нарықтыкімен бірдей. Біздің дүкендегі өнімдерді 1 жарым жастағы балалардан бастап 80 жасқа дейінгі зейнеткерлдер тұтына алады. Келушілердің көбі – дұрыс тамақтануды жіті ұстанатын және өз дене бітімін қалыпта ұстайтын жандар.

Ұн, май, макарон мен 22-ші ғасырдың суперфуттары. Сондай-ақ, дүкен сөрелерінен печенье, чипсы мен шоколадтың да түр-түрін кездестіруге болады. Кәдімгі сауда нүктелерінің тауарынан бұл жердегі дүниелер ерекше. Өнімдерге қант қосылмаған, ал қарақұмық пен ұннан жасалған өнімдерде глюкозадан ада. Ал мына минералды су түрлері де көптің көңілін өзіне аудартуда. Соның ішінде Чехия елінде құйылған “Donat” суы.

Әр дүйсенбі сайын мұнда келген зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылған. 5 мың теңгеге дейінгі сомаға – 10%, ал сатып алынған тауардың жиынтық құны 5 мыңнан асса, онда 20% жеңілдік беріледі. Сондай-ақ, наурыздағы мерекелерге орай 2 апта бойы бұл акцияның игілігін барлық келушілер пайдалана алады. Дүкен сөрелеріндегі тауарлар әр апта сайын жаңартылып отырады.

Алдияр Айтпаев