Жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген петропавлдық 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
38 жастағы ер адам Заводская көшесіндегі үйлердің біріне бомба қойылды деп “102” нөміріне хабарласыпты. Дереу бір топ арнайы маман келіп түк таппаған соң елді дүрліктірген ер адамды ұстайды. Сол үйдің жанынан қолға түскен қала тұрғыны масаң күйде болған. Ер адам бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Аталған факті ҚР ҚК 273-бабы – “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Еске сала кетейік, ҚК-нің 273-бабына сәйкес “телефондық терроризм” үшін ірі көлемдегі айыппұлдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бердимурат Баймухан