Бүгін облыста көктемгі әскерге шақырту науқаны басталды.
Өткен жылы әскерге өңірден мыңға жуық жігіт аттанған. Биыл көктемде 600-ге жуық сарбаз қабылдау жоспарланып отыр. Ол үшін болашақ Отан қорғаушылардың дені сау, психологиялық және физикалық тұрғыда дайын және ең бастысы ел үшін қызмет етемін деген ықыласы болуы керек. Осы ретте әскерге баратын жастарды қолдау мақсатында түрлі шаралар қолға алынбақшы.
Талғат Әліқұлов, СҚО қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы:
– Еліміздің қорғаныс министрлігінің өкілдері басқа мемелекеттік органдарға түрлі ұсыныс тастады. Оның ішінде әскерге шақырылғандардың кредиті болса, мерзімі өткенге дейін кредиттен босату жөнінде. Сонымен қатар, сыйақы беру туралы ұсыныс айтты. Егер бұл сауал тиісті өкілетті органдарда қабылданып, сосын заңды түрде бекітілсе, бірнеше өзгерістер орын алуы мүмкін.
Бердимурат Баймухан