Спорт

Теріскейлік балуан Аманғали Бекболатов Түркияда күміс медаль еншіледі

Теріскейлік балуан Түркияда өтіп жатқан жарыста күміс медаль еншіледі! Кеше Жерорта теңізінің жағасында Яшар Догу рейтингтік турнирі басталды. Халықаралық доданың 1-ші күнінде ел құрамасы сапынан жерлесіміз Аманғали Бекболатов өнер көрсетті. 55 келі салмақ дәрежесінде белдескен солтүстікқазақстандық ақтық сынға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Белді жігіт финалда сүрінді. Соңғы кездесуде ол Адем Бурак есімді жергілікті саңлақты жеңгенімен, төрешілердің шешімімен жеңіліс тауып, алтыннан қол үзіп қалды. Бұл додада 67 келі салмақ дәрежесінде жерлесіміз Данияр Каленов та бақ сынады. Өкінішке қарай, бозкілем шебері жүлдесіз қалды.

Алдияр Айтпаев