Денсаулық сақтау

Бір тәулікте 62 солтүстікқазақстандықтың ПТР-сынамасы расталды

Елдегі эпидахуалға тоқталып өтейік. Бір күнде 600-ге жуық қазақстандықтың ПТР-сынамасы расталды. Коронавирус жұқтыру жағдайлары өзгелеріне қарағанда Алматы қаласында көп. Мұнда соңғы тәулікте тәж вирусы 200-ден астам адамның бойынан анықталды. Бұдан кейінгі қатарда елорда мен Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Екеуінде де коронавирус жұқтыру жағдайлары 70-ке жуықтайды. Қазір елімізде COVID-19-дің бетін қайтару үшін екпе егу науқаны қатар жүріп жатыр. Вакцинаның қос компонентін 8 млн 951 мың адам алды. Оның 283 мыңға жуығы – солтүстікқазақстандықтар.