Спорт

“Qyzljar” ФК қырғызстандық “Dordoi” командасын тізе бүктірді

Кезекті жеңіс! “Qyzljar” футбол клубы қырғызстандық “Dordoi” командасын тізе бүктірді. Түркия елінде өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны аясындағы 3-ші матчта солтүстікқазақстандықтар қарсылас қақпасына жауапсыз 4 гол соқты. Бұл ойында қатарға тыңнан қосылған ойыншылар шеберлік танытты. Нақтырақ айтсақ, есепті португалиялық Жиан Мартинш ашты. Кейіннен ресейлік Адрей Панюков, бразилиялық Лукас Кардозо мен ивуарлық Мусса Коне көзге түсті.

Алдияр Айтпаев