Бизнес және экономика

Мемлекеттік қолдау көлемі артты

Мемлекеттік қолдау көлемі артты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жеке кәсіпті ашуға бөлінетін ақша көбейді. Енді жастар мен аз қамтылған отбасы өкілдеріне қарастырылған көмек 400 АЕК-ке дейін жетпек. Яғни, 1,2 млн теңгені құрайды. Биыл мемлекеттік қолдаудан өз ісін бастағысы келетін 20 мың адам ниеттене алады. Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қабылданған тағы бір шара – “Жастар тәжірибесі” мен “Алғашқы жұмыс орны” бағдарламаларына өзгерістің енгізілуі. Жас мамандарға ай сайын 92 мың теңге көлемінде жалақы төленбек әрі қыз-жігіттердің бағдарламаға қатысу мерзімі де біршама артты.

 

Эльмира Садвокасова