Алексей Луценконың мерейі үстем болды! Бұл жолы велоспорттан ел құрамасының белді мүшесі, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы біркүндік халықаралық велобәйгеде топ жарды.
Испания елінде өткен додада желдей жүйрік отандасымыз 188 шақырымды арқа тастап, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал екінші және үшінші орындарға бельгиялық спортшылар жайғасты. Айта кету қажет, бұл – үстіміздегі жылы “Astana” командасының өкілдері жеңіп алған алғашқы жүлде.
Эльмира Садвокасова