МТРА жаңалықтары

Наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады

Алдағы мерекелер мен демалыстарды санағанда наурыз айында қазақстандықтар 12 күн демалады. Халықаралық әйелдер күніне орай отандастарымыз 6-сы, 7-сі және 8-і күні тынығады. Есесіне, сенбі, яғни наурыздың 5-ші жұлдызында еңбек етуге тура келеді. Тағы бір жағымды жаңалық, биыл Ұлыстың ұлы күні 5 күн аталып өтіледі. Бұдан бөлек, ел азаматтары көктемнің алғашқы айының сенбі және жексенбілерінде 6 күн демалады.

Эльмира Садвокасова