Петропавлда адам өліміне қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы әйел ұсталды. Облыстық Полиция департаменті ұсынған дерекке сүйенсек, жақында Брусиловский көшесінің бойында орналасқан құдықтардың бірінен 30 жастағы ер адамның денесі табылған. Сараптама жұмыстары кезінде марқұмның көптеген пышақ жарақатынан көз жұмғаны анықталған. Күдікке тұрғылықты жері жоқ нәзікжанды ілінді. Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында оның адам өлімі орын алар алдында көз жұмған жанмен бірге ішімдік ішкені белгілі болған. Келіншек қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Бердимурат Баймухан