Денсаулық сақтау

Соңғы тәулікте 231 солтүстікқазақстандық вирус жұқтырған

Соңғы тәулікте 2 мыңнан астам қазақстандық коронавирусқа шалдыққан. COVID-19-ды жұқтыру жағдайлары Алматы қаласында көп. Вирустың анықталу жайттарының жиілігі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы үштікке кіреді. Жалпы, 24 сағатта өңірде 231 адам коронавирус жұқтырып алған. Індеттен құлан-таза айыққандардың саны 600-ден асады. 22 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Инфекциялық стационардағы орындардың толымдылығы 32 пайызды құрайды.

Алдияр Айтпаев