“Эталон меха” компаниясы солтүстікқазастандық нәзікжандыларды өз тауарларымен осымен 9-шы жыл қуантып келеді. Ресейлік ішіктердің сапасы жоғары, ал бағалары қалтаның қалыңдауына қарай құрылған. Мұнда кез келген ару өзіне ұнаған сыртқы киімді таңдай алады. Мәселен, жәрмеңкеде 40-тан бастап 60-шы өлшемге дейінгі ішіктің түр-түрі бар. Инна Яровая өзіне қысқа, яғни автоледи үлгісіндегі сырт киім қарастырып жүр. Нәзікжанды тондар көрмесінің өтетінін инстаграм желісінен көріп қалыпты. Кейін осында келуді жөн көрген.
Инна Яровая, қала тұрғыны:
– Бұл көрмеде тондардың түр-түрі бар екен. Таңдау ауқымы кең әрі сапалары да жақсы. Маған мутоннан тігілгендері қатты ұнады. Оған қоса әр ішікке жеңілдік қарастырылған. Егер сатып алатын болсам, әрине, алдымен сапасы мен қалыңдығына қараймын.
Жәрмеңкеде ресейлік дизайнерлер тіккен ішіктердің 400-ден астам түрі жайғасқан.
Дана Сәлімқызы, тілші:
– Бұл көрмеден көздің жауын алатын түрлі түсті, ұзынды-қысқалы тондардың сан алуан түрін кездестіруге болады. Мысалы, менің үстімдегі мына тон биыл жас қыздар арасында аса сұранысқа ие. Ол Канда елінде арнайы өсірілетін құндыз аңының терісінен тігілген.
Мұндай ішіктің бағасы 980 мың теңге тұрады. Егер қолма-кол ақшаға алатын болсаңыз, 30 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Жалпы, тондардың бағалары әр түрлі. Мысалы, мына алыстан көз тартатын ішіктің құны 1 млн теңгеден асады.
Бұл жолы қысқы сырт киімдер арзандатылған бағамен саудалануда. Яғни, әр тонға жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ, көңіліңізден шыққан тауардың ақшасын бөліп төлеуге де мүмкіндік бар.
Сергей Имашев, “Эталон меха” көрмесінің әкімшісі, Пятигорск қаласы, РФ:
– Жәрмеңкеде кез келген тауарды несиеге алуға болады. Яғни, бізде ай сайын бөліп төлеу жүйесі қарастырылған. Көрмеде нәзікжандылар әр ішікті киіп көріп, еркін таңдай алады. Біз өз кезегімізде көмегімізді көрсетуге дайынбыз.
Жәрмеңке “City Mall” сауда үйінің 3-ші кабатында қанат жайған. Ақпанның 13-іне дейін жалғасады.
Дана Ешкенова