Білім

Барлық мектептер дәстүрлі форматқа көшеді

Ақпанның 14-інен бастап барлық мектептер дәстүрлі оқыту форматына көшеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінен хабарлады. Еске сала кетейік, 600 баладан аспайтын оқу ұялары қаңтардың 24-інен оффлайн форматта жұмыс жасай бастады. Алайда, оқушылар саны 600-ден асатын мекемелерде 1 мен 4-ші сынып оқушылары үшін аралас формат енгізілген болатын. Ал 5-ші мен 11-ші сыныптағы ұл-қыздардың қалай оқитындығын басшылық пен ата-аналар өзара келісе отырып шешті. Енді алдағы аптаның дүйсенбісінен барлық шәкірттер мектеп партасына қайта жайғаспақ.

Алдияр Айтпаев