Спорт

Үздік конькимен жүгірушілер анықталды

Сондай-ақ, “Солтүстік-2022” облыстық қысқы ойындары аясында өңірдің үздік конькимен жүгірушілері де анықталды. Облыс орталығында өткен сайыста шалақындық спортшылар жеңімпаз атанды. Жүлделі екінші орынға Ғабит Мүсірепов ауданының құрамасы ие болды. Ал үздік үштікті Мағжан Жұмабаев ауданының командасы түйіндеді. Еске сала кетейік, спорттың бұл түрі бойынша тартысты сайыстар ақпанның 4-і мен 5-і күндері өтті.

Алдияр Айтпаев