“Qyzyljar” футбол клубы жаңа маусымға дайындалуда! Осы күндері жергілікті аяқдоп шеберлері Түркия елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр. Әзірлік жұмыстары барысында команда бірнеше ойыншымен толықты. Жақында қатарға бразилиялық тіреуіш жартылай қорғаушы Жиан Мартинс пен шеткі жартылай қорғаушы Лукас Кардоззу қосылды. Бұл позицияда Евгений Козлов есімді ресейлік спортшы да өнер көрсетпек. Ал шабуыл шебінде Кирилл Сидоренко жасындай жарқылдамақ. Белорустық футболшы былтыр өз еліндегі «Днепр-Могилёв»-тың намысын қорғады. Жеке статистикасы – 17 кездесуде 19 гол. Сонымен қатар, петропавлдық қақпашы Владимир Логиновский “Qyzyljar”-ға қайта оралды.
Байболат Култанов